24 қараша
Сағат 11.00
320 кабинет
Бейбітшілік көшесі №11
Астана қаласының Әкімдігі
Баспасөз релизі
ЖРВИ және тұмауды алдын алу бойынша жыл сайын республикалық айлық 1 қарашадан 30 қарашаға дейiн жүргiзiледi.
Мамандар осы шара шеңберiнде: Денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті және Салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы баспасөз мәслихатын өткiзедi.
Баспасөз мәслихатының қатысушылары профилактикалық мақсатта атқарылып жатқан жұмыс туралы әңгiмелейдi.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтің Ғылыми-тәжірибелік орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанда 2011 жылдың 9 айы ішінде жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) бойынша 876923 жағдай тіркелген, бұл 2010 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 18% жоғары.
Тұмау ауруы тез таралады және өлiм-жiтiм шақырады.
(ЖРА) жіті респираторлық аурулардың негiзгi қауiп-қатері – бұл асқынулардың даму қаупі, соның ішінде: созылмалы аурулардың асқынуы, бронхит, құлақтың қабынуы пневмония, жүрек-қан тамыр аурулары және т.б. ЖРА ағзаның қорғайтын қасиеттерiнiң төмендеуiне мүмкiндiк туғызады, екiншi бактериялық кедергiлердiң пайда болуына, әр түрлi созылмалы аурулардың асқынуына алып келедi – ревматизм, созылмалы пневмония, холецистит, пиелонефрит және басқа аурулар. ЖРА-ның алдын алу мақсатында келесіні есте сақтау керек: уақытылы вакцинация алуы, санитариялық-гигиеналық тәртiпті сақтау, қолдарды дер кезiнде жуу, жөтелген кезде ауызды қолмен бүркеу, оксолин сылақшысымен мұрын қуыстарын майлау, сарымсақ пен пиязбен тыныс алу, бөлменi желдету және үй-жайға жиі дымқыл жинауды жүргізу, құрамында аскорбин қышқылы жеткiлiктi көкөнiс пен жемістерді және тағы басқа өнiмдердi жеу.
Анықтама телефондары: 35-16-26