Хабарлама

«Темекі шегуден бас тарту» атты акция

4 желтоқсан сағат 15.00-де Достық көшесі 9 үй «Керуен» сауда-ойын сауық орталығында 20 жұлдызды күн – «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» шеңберінде  «Темекіден бас тарту күні» атты акция өтеді.

Анықтама телефоны: 36-50-80

 

Дүниежүзілік ЖҚТБ қарсы күрес күні шеңберіндегі акция

4 желтоқсан сағат 12.00-де «Мега» сауда-ойын сауық орталығында Дүниежүзілік ЖҚТБ қарсы күрес күні шеңберінде акция өтеді.

Анықтама телефоны: 36-50-80

 

«Өз жүрегінді сақта» акция

3 желтоқсан күні Орынбор көшесі 36 үй №5 қалалық емханада сағат 11.00-де «Өз жүрегінді сақта» акциясы өтеді (қандағы холестерин, триглицерид деңгейін өлшеу және қан қысымын білу). Қаралудан барлық ниет білдіргендерге өтуге болады!

Анықтама телефоны: 36-50-80

 

«Супер АНА» атты аналар арасындағы жарыс

Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл шеңберiнде №1 қалалық балалар ауруханасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда сағат 11.00-де  аналар арасында «Супер АНА» атты жарыс өтеді.

Жарысқа №1 қалалық балалар ауруханасының медициналық қызметкерлері қатысады.

Анықтама телефоны: 36-50-80

 

ЖРВИ және тұмауды алдын алу бойынша жыл сайын республикалық айлық

24 қараша

Сағат 11.00

320 кабинет

Бейбітшілік көшесі №11

Астана қаласының Әкімдігі

БАҚ назарына!!!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтің Ғылыми-тәжірибелік орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанда 2011 жылдың 9 айы ішінде жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) бойынша 876923 жағдай тіркелген, бұл 2010 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 18% жоғары.

ЖРВИ және тұмауды алдын алу бойынша жыл сайын республикалық айлық 1 қарашадан 30 қарашаға дейiн жүргiзiледi.

Мамандар осы шара шеңберiнде: Денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті және Салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы баспасөз мәслихатын өткiзедi.

Баспасөз мәслихатының қатысушылары профилактикалық мақсатта атқарылып жатқан жұмыс туралы әңгiмелейдi.

Түсірілімдерді жүргізу үшін емханаға баруға мүмкінділік беріледі, мұнда ЖРВИ-дың және тұмаудың алдын алу мақсатында  халыққа егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Журналистердын аккредитациясы қажет!!!

Анықтама телефондары: 35-16-26

 


1-бет барлығы 13

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы