Азаматтық қоғамды дамытудың нәтижелі тәсілдерінің бірі әлеуметтік жобалау болып табылады.
Қоғамды әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру процесстеріне еліктіру халықтың азаматтық белсенділігін және жергілікті мақсаттағы мәселелерді шешуде нәтижелігін біраз арттырады .
Әлеуметтік жобалау – бар әлеуметтік мәселелерді өткеруге, оң өзгерістерге, әлеуметтік жағдайды дамытуға бағытталған әлеуметтік әрекеттер жүйесін құрылымдаудың шығармашылық процесі.
Әлеуметтік жобалау нақты мақсаттар, міндеттер, шаралар және оларға қол жеткізудің әрекеттерінің тілі бойынша қоршаған ортаны жақсартудың көріністі идеясының тәсілі, сондай-ақ аталған ниетті нақты жүзеге асыру және сипатталған мақсаттарды орындаудың нақты мерзімдеріне арналған қажетті қорлардың сипаттамасы болып табылады.
«Әлеуметтік жоба – қоғамға әкелетін пайдасы мен жоба қатысушыларының өздерінің еңбектерінің нәтижесін көретін адамдардың нақты категориясының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, нақты жоспарланған әрекеттер бағдарламасы».
Бұл – әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу, оның негіздемесі және нәтижелерін бағалау бойынша ұйым (бірлестік) қызметін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кешені.
Жоба белгілері
Зерттеу - Мәселе – Мақсат – Міндеттер – Әдістер – Қадамдар – Бюджет – Бағалау
Мақсаты – жағдайды өзгеру, мәселені шешу, жаңашылдықтың пайда болуы
Басталу және аяқталу мерзімдерін белгілері
Белгіленген қорлар
Өлшенетін өнім немесе нәтижелер
Әлеуметтік жобаны әзірлеу және жүзеге асыру технологиясы
- Қоғамдық пікірді зерттеу
- Өзекті әлеуметтік мәселелерді қалыптастыру
- Өз ұйымының мүмкіндіктерін зерттеу
- Әлеуметтік жобаның мақсаттары мен міндеттерін анықтау
- Жұмыс жоспарын құру
- Жұмыс кестесін құру (апта сайын)
- Міндеттерді анықтау және оларды командада бөлу
- Қорларды және оларды алудың көздерін анықтау
- Бюджетті құру
- Жобаны бағалау жүйесін әзірлеу
- Команда мүшелерін үйрету
- Қоғамдық пікірді қалыптастыру
- Іскерлік әріптестікті іздестіру
- Қажетті қорларды алу
- Жобаны жүзеге асыру: жоспарлы шараларды өткізу
- Жоспарды орындауды бағалау мен бақылау
- Жобаны жүзеге асыру барысын түзету
- Жобамен жұмыс жасаудың нәтижелерін талдау
- Жұмыс нәтижелері туралы қоғамды ақпараттандыру
Астана қаласындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен 2009 жылдан бастап ана мен баланы қорғау бойынша әлеуметтік жобаларды, жасөспірімдер мен жастарға психологиялық-социологиялық көмек, мүгедек балаларды әлеуметтік бейімдеу жүзеге асырылады.
2009 жылы әлеуметтік тапсырыс шегінде «Салауатты өмір салты, отбасын жоспарлау, нәрестелерді және жасы кіші балаларды күту мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру жөніндегі жас отбасы клубын құру» тақырыбындағы 1 жоба жүзеге асырылды.
Жеткізуші: «Sabi Astana» ҚҚ(жетекші - Ж. Надырмағамбетова).
Жобаның міндеті – жас отбасыларға ақпараттық, заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, перенаталды психология бойынша өсімпаздық жасындағы әйелдерге, сондай-ақ емшек емізетін аналарға емшек емізуі,инфекциялық дерттердің алдын алу туралы ақпаратты және басқа да ақпаратты түсінікті жеткізу, сондай-ақ жас отбасылармен, балалары бар отбасылармен бірге бос уақыт іс-шараларын әзірлеу және өткізу.
Жоба шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жүктілік, босану, балаларды тәрбиелеу және дамыту туралы баспа, аудио, бейне материалдар жасалды (Сүйе білетін ата-аналардың күнделігі), жедел хабарласу ұйымдастырылды, Веб-сайт жасалды;
- Сұрау сауаланамасы жасалды және жүргізілген әлеуметтік сұрауға талдау жасалды, ол жұмысшыларға оқуларды таңдауға, өткізу уақытын, тыңдаушылар санын анықтауға көмектесті;
- ашық есіктер күні өткізілді;
- жас отбасыларға арналған лекциялар, көшпелі семинарлар, заңгерлік және қаржылық мәселелер бойынша, аналық және балалықты қолдауға әлеуметтік төлемдер туралы семинарлар, «Әке мен бала: отбасылық тәрбиеде ер адамның рөлін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді;
- Дүниежүзілік отбасы күніне және Балаларды қорғау күніне арналған «Әр үйге денсаулық пен қуаныш» акциясы өткізілді
- Алматы және Сарыарқа аудандарының АХАЖ-дарында үгіттеу жұмыстары, студенттік отбасыларды қолдау акциялары өткізілді;
- «Менің отбасым» тақырыбында суреттер, әңгімелер байқауы өткізілді.
Жобаны жүзеге асыру сәтті өтті, әсіресе, клубтың қызмет етуі үшін бастапқы база құрылды.
Іс-шара сәйкес ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Дүниежүзілік отбасы күні шеңберінде, «Думан» ойын-сауық орталығында акция ұйымдастырылды. Тұрғындарға концерттік бағдарлама ұсынылды: Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерімен – домбырашылар ансамблі, «Созвездие» бал билері клубының тәрбиеленушілерімен – «Джайф» әсерлі биі орындалды, «НұрОтан» ХДП өкілдерінен әншілері қатысты. Концерт барысында всұрақ-жауап сайыстары өткізілді, «Арт профидің» сайқымазақтарымен жүлделер мен сыйлықтар ойналды. Болашақ аналар үшін жүктілерге және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған киімдер көрсетілді (дефиле). Бір сәтте басқа алаңдарда: 6 отбасылық команданың қатысуымен «Ана, әке және мен» эстафетасы өтті,әр түрлі жастағы 10 баланың қатысуымен «Менің отбасым» атты асфальттағы суреттер байқауы, 15 баланың қатысуымен «Мен қалашыққа бара жатырмын» атты суреттер мен бұйымдар байқауы, ересектер арасында шашки турнирі өтті. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғындар үшін 1 миллион теңгеге өз лотереясының ойынын өткізді, ойынның барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар берілді.
Іс-шарамен 6280 адам қамтылды.
Бөлінген сома 1539300 теңге.
2010 жылы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жастарға арналған ақпараттық орталықтарды құру» тақырыбындағы 1 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Жеткізуші: «Замандас 21» Қоғамдық қоры (жетекші – Л. Алшинова).
Жобаны жүзеге асыру әзірленген жоспарға сәйкес, 2 кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші кезеңде қала колледждерінің және жоғары оқу орындарының 15-тен 21 жас аралығындағы студенттері қатарынан еріктілерді дайындау жүргізілді. Оқытудың толық курсынан өткен және «тең-теңге» принципі бойынша құрдастары арасында жұмыс жасау біліктіліктерін меңгерген қатысушылар саны 24 адамды құрады. Еріктілер Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университеттің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің, Политехникалық колледждің, Гуманитарлық колледждің, Қазақстан-Ресей университеті колледжінің, «Тұран» колледжінің, Басқару колледжінің студенттері қатарынан дайындалды.
Жоспарланған іс-шаралар кестесі мерзімінде орындалды. Студенттермен тренингтер, әңгімелесулер, кездесулер өткізілді, сауалнама жүргізілді. Бағдарлама қатысушыларымен шығармашылық тапсырмалар орындалды.
Жобаның қорытынды кезеңінде «Жастардың денсаулығы – қоғамдық құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, оның шеңберінде жоба қатысушыларына «Замандас 21» ҚҚ мамандарының бақылауымен СӨС түрлі аспектілері бойынша өз оқу мекемелерінде тренингтер өткізу құқығын беретін, салауатты өмір салтынының профилактикасы бойынша тренер сертификаттары тапсырылды.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Жасөспірімдерді ақпараттық іс-шаралармен қамту 230 адамды құрады.
Бөлінген сома 1539300 теңге.
2011 жылы Астана қаласындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды:
3000000 (үш миллион) теңге сомасына «Право» қоғамдық қорымен (Рыль О.В.) «Темекі шегуге теріс қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қоғамдастықты жұмылдыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жоба. Мемлекеттік және орыс тілінде темекіге қарсы бағыттағы 5 бейнеролик әзірленді. «Тұмар» тәжірибелік психология орталығымен еріктілер дайындалды және білім беру мекемелерінде психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу бойынша спектакльдер өткізілді. Спектакльдердің жалпы саны – 30;
1000000 (бір миллион) теңге сомасына «СПЕШИАЛ ОЛИМПИКС» қоғамдық бірлестігімен (Тыньянова Л.М.) «Мүгедек балаларға арналған спорттық іс-шараларды өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жоба. Жобаны жүзеге асыру барысында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласында 2011 жылғы 4 наурыздан 7 наурызға дейін шектелген интеллектуалды мүмкіндіктері бар балалар арасында Қазақстанның 10-ншы Ашық Қысқы Арнайы Олимпиадасы өткізілді (қатысушылар саны - 250 адам);
1066000 (бір миллион алпыс алты мың) теңге сомасына «Айат» қоғамдық бірлестігімен (Байсеркина Д.С.) «Қазақстан Республикасының халқы арасында мінез-құлық факторлары қауіпінің таралу динамикасының салыстырмалы талдауы» тақырыбындағы әлеуметтік жоба. Бастапқы кезеңде сауалнама жасалды және келісілді; 4 қалада 700 адам көлемінде мақсатты топ анықталды, әлеуметтік сұрау бойынша ұстаздармен оқу семинарлары өткізілді; деректерді өндеуге арналған макет әзірленді. Қорытыңды кезеңде сауалнама нәтижелері бойынша деректер массиві талданды және өнделді. Респонденттер саны – 6-11 сыныптардың 700 жасөспірімі (Астана -400 адам; Қарағанды, Семей, Шымкент – 100 адамнан).




