Орталықтың құрылу тарихы

«Қазақстан -2030» стратегиясы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық саясатын жүзеге асыру мақсатында 1999 жылы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының жанынан «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК (бұдан әрі - Орталық) құрылды.

2000 жылы Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің құрылуына байланысты «ҚСӨСҚО» МКҚК Департаменттің бөлімі ретінде қайта құрылды.

2003 жылы Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастырудың 2002-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы әкімінің 2002ж.20.03 № 3-1-494 қаулысымен 2002 жылғы 20 наурызда Орталық тағы да МКҚК мәртебесін алды.

Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 25 ақпандағы № 3-1-146 қ қаулысына сәйкес «СӨС қалыптастыру орталығы» ЖШС ретінде қайта құру арқылы Орталықтың меншік түрі өзгертілді.

СӨС қызметі жұмысының негізгі бағыттары қала әкімдігінің 2002 жылғы 20 наурыздағы №3-1-494қ, 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 18-1009 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қаңтардағы №33842-III шешімімен бекітілген Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастырудың 1999-2001 жылдарға, 2002-2005 жылдарға, 2006-2008 жылдарға арналған арналған 3 орта мерзімді кешенді бағдарламасында көрсетілген.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру кешенді бағдарламаларының мақсаты – салауатты өмір салты культін қалыптастыру арқылы халық денсаулығы мен өмір сүру ортасын жақсарту. Оларды іске асыру қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде халықтың санитариялық-гигиеналық сауатын арттыруға жағдай жасады.

СӨСҚ қызметінің желісі мен құрылымы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрілігінің бұйрықтарына сәйкес белгілі реформалар арқасында жетіле түсті:

2002 жылғы 15 ақпандағы №167 «Бастапқы медициналық-санитариялық жәрдем деңгейінде салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алуды күшейту туралы» бұйрық;

2004 жылғы 28 қазандағы № 778 «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметін әрі қарай туралы» бұйрық;

2006 жылғы 19 қазандағы №491 «Жастарға жақын қызметтерді енгізу туралы»; 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 644 «Бастапқы медициналық-санитариялық жәрдем медициналық ұйымдарындағы профилактикалық қызметтерді жетілдіру туралы» бұйрықтар;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 «ҚР денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» қаулысына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің желісі бекітілді.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы